Қазақстанда 93 ғылыми жобаны қаржыландыру тоқтатылды

Фотография - Қазақстанда 93 ғылыми жобаны қаржыландыру тоқтатылды

Бұл жөнінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында вице-министр Мұрат Орынханов мәлім етті.

125 0

 Қазақстанда биыл 93 ғылыми жобаны қаржыландыру тоқтатылды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында вице-министр Мұрат Орынханов мәлім етті.

«Биылғы жылы ғылымды дамытуа 52 млрд теңге қарастырылып отыр. Қазақстанда қаржыландырудың жаңа формасы енгізілді. Ғылыми жобаларды қаржыландырудың негізгі түрі қазір бұл гранттық қаржыландыру. Жаңа жүйе бойынша төрт байқау өткіздік. Байқауға 6 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 2115 жобасы мақұлданды», - деді М.Орынханов.

Вице-министр биыл тұңғыш рет елімізде жобаларға халықаралық сараптама жүргізілгенін атап өтті. Бұл жұмысқа 3 мыңға жуық ғалым тартылса, оның 1700-ден астамы әлемнің 59 елінің сарапшылары екен.

«Осылайша, бүгінде тәуелсіз сараптама құрдық деп айтуға болады. Осы сараптаманың негізінде қаржыландыру мәселесі шешілді. Тәуелсіз сараптама жүйесі ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысын сапалы бағалауға мүмкіндік берді. Сараптама нәтижесі бойынша 60 жобаға өте жоғары баға берілді. Ал 93 ғылыми жоба мақұлданбады, оларды қаржыландыру биыл тоқтатылды», - деді вице-министр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!