Қазақстанда 8 мыңнан астам шетелдік студент оқиды

Фотография - Қазақстанда 8 мыңнан астам шетелдік студент оқиды

Бұл жөнінде бүгін жоғары білім мәселелері бойынша Қазақстан-Малайзия жұмыс тобының бірінші отырысындаҚР Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлім етті.

235 0

Қазақстанда бүгінгі күні 8 мыңнан астам шетелдік студент оқып жатыр. Бұл жөнінде бүгін жоғары білім мәселелері бойынша Қазақстан-Малайзия жұмыс тобының бірінші отырысындаҚР Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлім етті.

«Қазақстанда бүгінгі күні 8 мыңнан астам шетелдік студент оқиды. Сіздер келтірген мәлімет бойынша, Малайзияның жеке меншік жоғары оқу орындарында бүгінгі күні 1000-нан астам қазақстандық оқиды. Біздегі ақпаратқа сәйкес, Малайзияда білім алып жатқан студенттердің саны 2,5 мыңнан асады», - деді А.Абылайхан.

Оның айтуынша, қазақстандық студенттердің Малайзияда білім алуға қызығушылығы үлкен. «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Малайзияда 168 адам оқыған. Қазіргі уақытта 24 студент білім алып жатыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!