Түймекент қалашығында құнды тарихи деректер табылды

Фотография - Түймекент қалашығында құнды тарихи деректер табылды

Тараздан 40 шақырым жердегі Түймекент қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде өңір тарихына қатысты құнды деректер табылды.

300 0

Тараздан 40 шақырым жердегі Түймекент қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде өңір тарихына қатысты құнды деректер табылды.

Айналасы қамалдармен қоршалған Түймекенттің бірнеше қақпасы, сондай-ақ жан-жағы қазылған ор болған. Қамалдың ені 4-6 метр, ал биіктігі 20 метрден асады. Орналасқан жеріне орай, Түймекент қала ретінде де, сауда орталығы ретінде де зор маңызға ие болғаны байқалады. Ұлы Жібек жолы өтетін дәулетті қалаға көз тіккен жаулары аз болмаған. Археологиялық қазба жұмыстары көне қалада инженерлік, коммуналдық жүйенің жақсы дамығандығын көрсетті. 2 метр тереңдікте 2 су құбыры бұзылмаған күйінде сақталған. Жаугершілік заманда қажет мұндай инженерлік шешімді жергілікті шеберлер ойлап тауып, жүзеге асырған.

«Тарихта көшпенділер деп аталатын ата-бабаларымыз түркілердің бүгінгі мақтаулы жұрттардың ешқайсысынан кем еместігінің, кезінде салтанатты сарайлар салғандығының белгісі», - дейді Мемлекеттік «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Тәкен Молдақынов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!