2022 жылы Марсқа ұшпақ

Фотография - 2022 жылы Марсқа ұшпақ

Жердегі адамдардың 170 мыңдайы Марсқа түбегейлі көшуді ойлайды. Олар 2023 жылға қарай Қызыл планетаға қоныстану мақсатында голландтық «Mars One» компаниясы ұйымдастырған жобаға өтініш берген. «Ғарыштық жобаның» құны – алты миллиард долларды құрайды

256 0

Жердегі адамдардың 170 мыңдайы Марсқа түбегейлі көшуді ойлайды. Олар 2023 жылға қарай Қызыл планетаға қоныстану мақсатында голландтық «Mars One» компаниясы ұйымдастырған жобаға өтініш берген. «Ғарыштық жобаның» құны – алты миллиард долларды құрайды.

Жоба ұйымдастырушылары ИТАР-ТАСС агенттігіне сайтқа 140 елден 165 мың ерікті тіркеліп, 5 доллардан 75 долларға дейін төлеп те қойғанын хабарлаған. Компанияның негізін салушы әрі бас директоры Бас Лансдорп «жаңа қонысқа» Жердің миллионнан астам тұрғыны тіркеледі деп үміттенеді.

Әрқайсысында төрт адамнан болатын алғашқы алты топ 2015 жылға қарай аттанбақ. Содан кейін олардың планетаға бейімделу мақсатындағы жеті жылдық дайындығы басталады.

Негізі Марсқа алдымен роботтарды аттандырмақ. Олар 2016-2020 жылдар аралығында тұрғын үй мен қызметтік модульдерді дайындаумен айналысатын болады.

Адамдары бар ғарыштық аппараттың ұшырылуы 2022 жылға жоспарланған. Олар Қызыл планетаға 2023 жылы қонады. Сапар жеті айға созылады.

Алғашқы төрттікте екі ер адам, екі әйел болады. Кейін әрбір екі жыл сайын басқа да адамдар келе бастайды. Лансдорптың айтуынша, Марстағы ортақ тіл – ағылшын тілі болмақ - деп хабарлады  baq.kz

Ұйымдастырушылар «Mars One» жобасын жүзеге асыру үшін қажетті қаражатты демеушілер мен танымал интерактивті телебағдарламадан алуға үмітті. Бұл бағдарлама «марстық» тұрғындардың Жерден ұшып кеткенінен бастап, Марсқа қонғаны, жаңа жерде басталған жаңа өмірімен толық ақпараттандыруды көздеп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!