Алғашқы отандық антивирусты 12 мың адам сатып алды

Фотография - Алғашқы отандық антивирусты 12 мың адам сатып алды

Шығарылғанына 1 жыл толған алғашқы қазақстандық антивирустың бүгінгі күні 12 мыңға тарта данасы сатылған

216 0

Шығарылғанына 1 жыл толған алғашқы қазақстандық антивирустың бүгінгі күні 12 мыңға тарта данасы сатылған.

ALTAIR Systems Security бағдарламасы 2012 жылдың мамыр айында таныстырылды. Өткен жылы антивирустың үш нұсқасы шықты. Бағдарламаны пайдаланушылардың 80 пайызға жуығы Қазақстанда, қалған 20 пайызы Ресейде, Беларусияда, Болгарияда және Украинада тұрады екен - деп хабарлады  baq.kz

Антивирустың стандартты жиынтықтарынан бөлек, бірқатар қосымша мүмкіндіктері де бар. Мысалы, бағдарламада ақылы нөмірге хабарлама жіберуді талап ететін SMS-оқшаулағыштың экранында – баннерлердің шығуын қақпайлайды.

Сонымен қатар, антивирустың көмегімен ақпарат тасығыштарға «вакцина» жасауға болады. Компьютерге флешка қосқанда, бағдарлама онда табылған вирусты оқшаулайды.

Өнімнің үшінші нұсқасында өте қауіпті қосымшаларды тексеруге арналған зонд жасалған. Антивирус бірнеше секундқа күдікті бағдарламаны іске қосады және оның зиянкестерін тексереді. Жүйе өнімді әзірлеушіге тексеру есебін жіберіп, зиянды қосымшалар базасын толықтырады.

Горковенконың айтуынша, 2013 жылдың соңына дейін жаңа антивирусты іске қосу жоспарланып отыр. Оның ALTAIR-дан айырмашылығы – сыртқы нарыққа да шығарылып, әлемдік брендтермен бәсекелесе алады. Әзірге жаңа өнімнің сипаттамалары мен функциялары туралы мәлімет жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!