Түркістанда жас жігіттің ішінен эмбрион табылды

Фотография - Түркістанда жас жігіттің ішінен эмбрион табылды

Естімеген елде көп! Түркістан қаласында ерекше жағдай орын алды. Жергілікті тұрғындардың бірінің денесінен эмбрион табылды. 22 жасар жігіт өзін жайсыз сезінген соң жергілікті емханаға көрінуге барады

292 0

Естімеген елде көп! Түркістан қаласында ерекше жағдай орын алды. Жергілікті тұрғындардың бірінің денесінен эмбрион табылды. 22 жасар жігіт өзін жайсыз сезінген соң жергілікті емханаға көрінуге барады.

Дәрігерлер алғашында науқасты тексерген соң «тератома» деген диагноз қояды. Яғни, науқастың ағзасының ішінде артық ет бар деген сөз. Медицинада мұндай жағдай жиі болмаса да кездесіп тұрады. Соны алып тастау үшін ота жасаған дәрігерлер жағаларын ұстаған. Жігіттің ішінен жас баланың денесі табылды. Ағза қуысына мықтап орналасып алған эмбрион тіпті жігіттен осы уақытқа дейін нәр алып, қоректеніп келіпті. Ота барысында анықталғаны — эмбрионның, тіпті, азу тісі де бар болып шықты! Оның қолы, иығы, жамбас сүйегі де бар екен.

Бүгінде 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған жас әке мамандардың нұсқауын бұлжытпай орындауда. Ал дәрігерлер мұндай жағдаймен бұрын-соңды кездеспегендерін айтып, таң қалып отыр. Қазір эмбрион ауруханада сақталып тұр. Ота жасаған хирург Ерғали Абдуллаев дене бөлшектерінің келешекте университетте оқып жатқан шәкірттерге оқу барысында керек болатынын айтады - деп хабарлады baq.kz


Салмағы небәрі 800 грамдық эмбрион — медицинада аса сирек кездесетін құбылыс. Дүниежүзінің ғалымдары мұндай жағдай әр бес жүз мыңыншы адамның біреуінде кездесуі мүмкін екендігін айтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!