Бас сүйегіне ота жасалған ежелгі түрік сарбазы табылды

Фотография - Бас сүйегіне ота жасалған ежелгі түрік сарбазы табылды

Бұл туралы ҚР БҒМ Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, әйгілі Берел қорымын ашқан ғалым Зейнолла Самашев хабарлады.

272 0

Шығыс Қазақстанда қазба жұмыстары кезінде бас сүйегіне тесу жолымен ота жасалған сарбаз табылды. Бұл туралы ҚР БҒМ Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, әйгілі Берел қорымын ашқан ғалым Зейнолла Самашев хабарлады.

«Берел қорымының жанындағы ежелгі түрік қорғанынан біз түрік қағанатымен байланысты жаңа тарихты ашатын заттарды тауып жатырмыз. Олар талай сырды жасырып жатқаны аян. Таяуда ғана екі қорымнан бас сүйегіне тесу жолымен ота жасалған сарбаздарды таптық», - деп хабарлады Зейнолла Самашев.

Ол кезде мұндай күрделі операция қалай жасалғанын зерттеу дәрігерлердің еншісінде, дейді тарих ғылымдарының докторы Самашев.

«Құнды заттар өте көп. Дегенмен, ең бастысы бұл артефактілерді сақтап қалу керек. Ал бұл зарттарды халыққа көрсету үшін бірнеше жыл қажет. Алда оларды консервациялап, жаңғырту жұмыстары тұр», - деп түйіндеді ғалым.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!