200 мыңға жуық адам Марсқа көшуге дайын

Фотография - 200 мыңға жуық адам Марсқа көшуге дайын

 Қалған өмірін Марс ғаламшарында өткізуге ниет білдіргендердің саны 200 мыңнан асады, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі «Марс Бір» жобасының өкілдеріне сілтеме жасап.

147 0

 Қалған өмірін Марс ғаламшарында өткізуге ниет білдіргендердің саны 200 мыңнан асады, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі «Марс Бір» жобасының өкілдеріне сілтеме жасап.

Егер тәуекелге бел буып, жеті айлық саяхатқа баруға дайын астронавтар болса, бастамашылар тобы Қызыл ғаламшарда тұрақты база құрамыз деп жоспарлап отырған көрінеді.

Ұйымдастырушылардың бірі, голландиялық инженердің сөзіне қарағанда, жобаның мақсаты 2023 жылға қарай Марсқа шамамен 40 адам жөнелту.

Мұндай шытырман саяхаттың шығынын, олардың сөзіне сенсек, демеушілер мен арнайы келісімшартқа отыратын телеарналар көтермек.

Ғарыш агенттіктері болса, Марста адамдар жасағын құруға мүмкіндік беретін арнайы технологиялар әлі ойлап табылған жоқ деп отыр.

Күні бүгінге дейін құпиялы Қызық ғаламшарға арнайы роботтардан басқа бірде-бір тірі жан аяқ басып көрмеген. НАСА ол жаққа адамарды тек 20 жылдан кейін жөнелтуді қолға аламыз деп сендіруде. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!