Жаңа министр білім саласына үлкен өзгерістер енгізбек

Фотография - Жаңа министр білім саласына үлкен өзгерістер енгізбек

Жақында тағайындалған ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бүгін журналистерге берген сұхбатында білім жүйесіне үлкен өзгерістер енгізуге ниеттеніп отырғанын мәлім етті.

208 0

Жақында тағайындалған ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бүгін журналистерге берген сұхбатында білім жүйесіне үлкен өзгерістер енгізуге ниеттеніп отырғанын мәлім етті.

«Менің келгеніме бір апта болды. Қазір жұмыстың қыр-сырын байқап, қандай міндеттер, қандай мәселелер бар екенін зерттеп-зерделеп жатырмын. Елбасымен өткен кездесуде ол білім жүйесінің алдында тұрған міндеттерді айқындады. Бұл міндеттер қысқа уақытта іс-шаралар жоспарында көрініс табады. Оны жуық арада Үкіметке ұсынып, бекітеміз. Бұл жерде бюджеттік мәселелер де бар. Сондықтан біз жаңа іс-шаралар жоспарын ұсынамыз», - деді министр.

Жаңа басшы бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз жұмыс жасайтынын ерекше атап өтті.

«Білім жүйесінде үлкен өзгерістер болады. Келесі кезеңге қадам басамыз. Міндеттерді қалай орындаймыз, қандай мерзімде - бұл сұрақтарды үкімет деңгейінде талқылауымыз қажет», - деп отыр Сәрінжіпов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!