Ресей "Протонның" ұшырылуын кейінге қалдырды

Фотография - Ресей "Протонның" ұшырылуын кейінге қалдырды

Жоспар бойынша Ресей тарапы зымыранды 17 қыркүйек күні ғарышқа аттандыруы тиіс болатын.

136 0

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылуы тиіс "Протон" зымыраны жақын уақытта ұшпайтын болды. Мамандар аппараттан тағы да ақау тауып отыр. Жоспар бойынша Ресей тарапы зымыранды 17 қыркүйек күні ғарышқа аттандыруы тиіс болатын.

Күні кеше еліміздің бас экологы Роскосмостан "Протонды" ұшыру уақытын кейінге қалдыруды сұраған болатын. Оның айтуынша, зымыран құлаған аймақта гептил уы әлі толықтай жойылмаған. Десек те мамандар бұл жерде үш рет тазалау жұмыстарын жүргізіп үлгерді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында бортында 600 тонна отыны бар "Протон-М" зымыраны әуеге көтерілген шағында жерге құлаған еді. Ресейлік сарапшылар тексере келе, ұшу аппаратынан ақаулар тапты. Ал, наразылық танытқан қазақстандық экологтарға Роскосмос мамандары мұндай жайттың екінші рет қайталамауға тырысатындықтарын мәлімдеді.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!