Азаматхан Әміртаев:Жемқорлық кесірінен ІТ ғылымымыз, ІТ саламыз, ІТ мамандарымыз дамымай қалып отыр

Фотография - Азаматхан Әміртаев:Жемқорлық кесірінен ІТ ғылымымыз, ІТ саламыз,  ІТ мамандарымыз дамымай қалып отыр

Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда ІТ технология ұғымы қалыптасты. Осы күрделі саланың мәні мен мағынасы, Қазақстан мемлекетінің қарыштап дамуында қанат бітірер үрдістері туралы «Қазақстанның софтверлік компаниялар қауымдастығының» президенті Азаматхан Әміртаевпен сұхбаттасуды жөн көрдік

597 0

Соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда ІТ технология ұғымы қалыптасты. Осы күрделі саланың мәні мен мағынасы, Қазақстан мемлекетінің қарыштап дамуында қанат бітірер үрдістері туралы «Қазақстанның софтверлік компаниялар қауымдастығының» президенті Азаматхан Әміртаевпен сұхбаттасуды жөн көрдік.

– Азаматхан Сайлауұлы, ІТ технологияның маңызы неде? Осы салада ауыз толтырып айтарлық жетістігіміз бар ма?

– ІТ технология – бүгінгі жиырма бірінші ғасыр, жаһандану кезеңінде заман талабы. Демек, жаңа технологиялар саласында әлемдік көштен Қазақстан мемлекетінің қалып қоюы мүмкін емес. Бүгінгі заманның адамын ұялы телефонсыз, компьютерсіз, ғаламтор жүйесінсіз елестету мүмкін бе? Ендеше, әр азаматтың ғаламтор жүйесінен ақпарат алуы, ақпарат алмасуы қалыпты жағдай. ІТ технология деген осы саланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, орасан әрі ауқымды жалпытехнология саласының құрамдас бір бөлігі. Міне, осы ІТ технология саласы ел ішіне енгелі бірқатар нәтижелі жетістіктерге де жеттік. Ең бастысы Қазақстанда электронды түрде қызмет көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері қалыптасты. Міне, осы бағыттарда орасан әрі ауқымды жұмыс жүргізілді. Бүгінде Қазақстан ақпараттық технологиялар әлемі әжептәуір қалыптасты деуге де болады. Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың қағазбастылықтан арылып, барлық құжаттарды электрондық айналымға енгізу туралы қаулысынан кейін 2000 жылдары бірқатар бағдарламалар қабылданып, соның бірі де бірегейі «Лотос» атты платформа негізінде электронды құжаттардың бірегей айналымы түгелдей мемлекеттік ұйымдарға енгізілді. Осылайша, белгіленген бастапқы межеге – қағазбастылықтан арылуға қол жеткіздік. Бұл мемлекеттік деңгейде атқарылған іс және кемшілігі жоқ емес. Себебі біз бұл жерде сырт көз, тек сарапшымыз.

– Өзіңіз айтқандай ІТ технология саласында қиындықтар да жоқ емес секілді. Айталық, Елбасының қаулысынан кейін, әртүрлі ресми және бейресми ақпарларға сүйенсек мемлекет қазынасынан осы салаға 10 млрд доллар бөлініпті. Осы саланың сарапшысы ретінде айтыңызшы бұл қаржы қалай игерілді?

– Дұрыс айтасыз. Біздің ІТ технология саласын дамытуға соңғы жиырма жылда 10 млрд долларға жуық қаржы бөлінген. Алайда тек қана ІТ саласы емес, жалпы мемлекеттік құрылымдарды жайлаған сыбайлас жемқорлық көп нәрсеге қолбайлау болып отыр. ІТ технология саласы бұл жоғарғы интеллектуалды әрі нәзік сала. Сонымен қатар ІТ технолог маманның да жоғары интеллектуалды әрі адал болғаны жөн.

– Сонда бұл саладағы жемқорлық қалай жүзеге асады?

– Мысалы, мемлекет әлдеқандай фирмаға бағдарлама жасауға тапсырыс берді делік. Мемлекеттік тапсырыс беруші өзі оған ұсынылып жатқан бағдарламаның сапасын анықтауға қауқарсыз, бірақ оған бағдарлама керек. Салдарынан бұл жерде жемқорлыққа жол ашылады, себебі сапасыз және арзан дүниенің нақты бағасын анықтау дәл біздің салада мемлекетке өте қиын болып жатады. Спецификасы өте күрделі бұл саланың, ұсынылған тауар қарапайым қаламсап не болмаса қағаз таситын папка, қолданылатын ноутбук емес, бағасы жарты әлемге мәлім. Міне, осыдан келіп қыруар қаржының ретсіз жұмсалған тұстары болған жоқ емес. Сондықтан нәтиже жоқтың қасы дегенде пікір біздің бүгінгі сөз етіп отырған саламызда басым. Сондықтан бүгінгі біздің ІТ саламыздың негізгі мақсаты – жемқорлықты жеңу және жаппай ақпараттандыру. Біздің елде бір жаманы, өздері жоспарлап, өздері бағдарламасын қабылдап, өздері қаржы бөліп, сол қаржыны өздері жеп қояды көп жағдайда. Олай болмауы қажет. Мысалы, тапсырыс берушімен, тапсырыс алушылардың арасы алшақ, яғни бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істеуі қажет, олардың қызметін тәуелсіз сарапшылар не болмаса мықты қоғамдық күш қадағалап отыру керек. Яғни бізде оның тетіктері қалыптаспаған десек болады.

– Айтқаныңызға мысал келтіре аласыз ба?

– «Қазақстанның софтверлік компаниялар қауымдастығы» 2001-2005 жылдар аралығында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сараптама жүргізді. Оларда төрт жылдық «темір жол саласын ақпараттандыру» бойынша бағдарлама қабылданған. Сонда таңқалғаным, «темір жол саласын толықтай автоматтандыру» бағдарламасы бойынша 1 млн доллар арнайы бөлінген екен. Сол бағдарлама бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі мынау: олар Беларусь мемлекетінің дәл осындай, «темір жол саласын автоматтандыру» туралы бағдарламасын көшіріп алған. Яғни автоматтандыру жұмыстарын сәл өзгеріспен жүргізіп, 1 млн долларды қалтаға басқан. Көптеген құжаттарды ақтара келіп көзімнің жеткені, олар тек ақша ұрлауға жасалған болып шықты. Біз – бұған қарсымыз. Жемқорлық кесірінен ІТ ғылымымыз, ІТ саламыз, ІТ мамандарымыз дамымай қалып отыр. Инвестициялық салымдар жасайтын, зертханалық база жасап беретін жеке, таза кәсіппен айналысып жүрген жас кәсіпкерлер жемқорлық кесірінен күйіп кетуде.

– Жемқорлықты бұл салада жеңбекке қандай істер атқарудасыздар?

– Қазіргі күнде біз осы жемқорлықты жеңбекке «Нұр Отан» ХДП тығыз жұмыс жасаудамыз. Яғни айтпағым, жемқорлықты жеңбей, мемлекеттіміздің техника саласында да өзге де салаларда өркендей қою екіталай.

– Алдымызда «Экспо 2017» көрмесі келе жатыр. Бұл көрмеге ұялмай қоя алатын дүниелеріміз бар ма?

– Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың беделі, саяси салмағының арқасында біз «Экспо-2017» көрмесін жеңіп алдық. Бұл ел үшін абырой, мақтаныш. Бұл көрменің пайдасы – біздің ішкі нарықта инновация саласының дамуына орасан әсер бар. Елбасы айтпақшы бұл көрменің негізгі діңгегі «Смарт Астана», яғни «ақылды қала» жобасы болмақ. Яғни Астана қаласын көрмеде көрсететін боламыз. Сонымен қатар энергетика саласындағы техникалық жетістіктерімізді де көрсетеміз. Қазіргі таңда қызу жұмыс үстіндеміз.

– Соңғы кезде «ЭКСПО-мен» қатар G-GLOBAL туралы да көп айтылып жүр...

– Қазіргі күнде Елбасы жанынан құрылған G-GLOBAL платформасы бар. Біз яғни «Қазақстанның софтверлік компаниялар қауымдастығы» сол платформаның мүшесі және қатысушысы болып табыламыз. Сол арқылы біз түрлі онлайн семинар өткізіп, еліміздегі ІТ саланың қарқынды дамуын қадағалап отырамыз. Әлемде болып жатқан жаңалықтарды талқылап, оларға өз тарапымыздан пікір қосамыз. Еліміздің ілгері дамуына үлес қосып, нәтижелі жұмыс жасаудамыз.

– Сұхбатыңызға рахмет!

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!