Туыстық некеден тек қуалайтын дерт жабысады

Фотография - Туыстық некеден тек қуалайтын дерт жабысады

Қазақтың қан тазалығы, ұрпақ амандығы, жеті атаға дейін қыз алыспайтындығы ұлтымыздың өміршеңдігі мен өнегесін паш етеді

193 0

Қазақтың қан тазалығы, ұрпақ амандығы, жеті атаға дейін қыз алыспайтындығы ұлтымыздың өміршеңдігі мен өнегесін паш етеді. Өз ұлтымыздың ұпайын түгендеп,  өзгелерден жоғары қою мақсатында емес, қасиеті мен қадірін жете ұғыну үшін әрі жақсы мен жаманды айырудың астарына үңіліп, парқына бойлау үшін бір мезет өзгелердің де өміріне көз жүгірткен абзал шығар.

Қойымыз қоралас болмаса да, сырттай тілеулес ел  Сауд Арабиясында туысқандардың бір-бірімен үйленуі қалыпты жағдай саналады. Ежелден солай. Әлемдегі өзге халықтармен салыстырғанда, туысымен шаңырақ көтергендердің қарасы көп ел ретінде атағы шыққан Сауд Арабиясында осының кесірінен балғындар түрлі жүйке дертіне шалдыққан. Бұл келеңсіздікті саудиялықтардың өздері де мойындап отыр. Саудиялық невролог дәрігер Суад Ямани ел астанасында өткен балалардың жүйке ауруларына қатысты 12-ші конференцияда «Ауруын жасырған өледі» деген принципті ұстанып, осы сұмдықты жасырып-жаппай, жайып салды. Аталмыш конференцияға Азия мен Океания елдерінен осы саланың мамандары мен білгірлері қатысқанын айта кету керек.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, ағайынды ерлі-зайыптылардан туған баланың дертін алғашқыда анықтау қиынға соғатын көрінеді. Өйткені, ондай некеден өмірге келген сәбидің бойындағы дерт атадан балаға беріліп, тек қуалайды. Мұндай жұптардан дүние есігін ашқан нәрестелердің бойындағы жүйке дерті әлемнің кез келген түкпірінде кездесетін көрінеді. Ең қиыны, оның бірыңғай емі жоқ. Дәрігердің тағы бір келтірген дәйегі бойынша жүйке дерті тұқым қуалайды әрі аяғы ауыр әйелдердің жөнді күтінбеуі де құрсағындағы шарананың денсаулығына зиянын тигізеді.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!