Еуропаға 100 жылда болмаған суық келе жатыр

Фотография - Еуропаға 100 жылда болмаған суық келе жатыр

Алдағы қыс Еуропа үшін қақаған аяздарымен есте қалмақ. Ондағы суық ғасырлық рекордты жаңартуы мүмкін, деп жазады «Новые Известия» газеті.

156 0

Алдағы қыс Еуропа үшін қақаған аяздарымен есте қалмақ. Ондағы суық ғасырлық рекордты жаңартуы мүмкін, деп жазады «Новые Известия» газеті.

Қыста Еуропаға Арктиканың ауа массалары ығысады, оның салдарынан нормадан ауытқыған аяздар болады. Сонымен қатар, бұл маусымда күн белсенділігі азаяды.

Қиыр Шығыста да температура төмендеп, көп жылдық қалыпты ауа райы өзгеруі мүмкін.

Қыс биылғы жылы қарашаның басында басталады, ал бірінші қар Мәскеу мен Мәскеу облысында айдың екінші жартысында түседі. Мизам шуағын күтудің қажеті жоқ. Болжам бойынша, қазанның басында күн сәл жылынады, алайда ол ұзаққа созылмайды.

Өткен жылғы маусымдағы көп жылдан бері болмаған қыс Еуропаға ауыр соққы болды, жүздеген адамның өмірін қиды. Италияда жауған қар көпшақырымдық кептелістерге әкеп соқтырды, көптеген әуе рейстері мен футбол матчтары кейінге шегерілді. Ал Ұлыбританияда ақпан айында жауған қар барлық жолдарды жауып тастады.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!