Ғалымдар христиандардың «киелі суын» денсаулыққа зиян деп тапты

Фотография - Ғалымдар христиандардың «киелі суын» денсаулыққа зиян деп тапты

Вена медициналық университетінің гигиена және қолданбалы иммунология институтының ғалымдары Австриядағы «Киелі су» деп аталатын суды ішпеуге шақырды.

309 0

Вена медициналық университетінің гигиена және қолданбалы иммунология институтының ғалымдары Австриядағы «Киелі су» деп аталатын суды ішпеуге шақырды.

Сарапшылар ұзын-саны 39 су көзін (оның 18-і Вена қаласының өзінде болса, 21-і ел аумағында) зерттей келе, ондағы бактериялардың тиісті мөлшерден артып кеткенін анықтаған.

«Киелі судың» бір миллилитрында адам денсаулығына аса қауіпті 62 млн микроағза табылған. Оның 86 пайызында, әдетте, фекалияда сақталатын бактериялар бар болып шықты. Ең сорақысы, олардың құрамынан ішек таяқшалары табылып отыр.

Мамандар күніне талай адам ішетін осынау су көздері індет таратып, асқазан-ішек ауруларына алып келуі мүмкін дейді. Профессор Александр Киршнердің сөзіне қарағанда, қаланың аса ірі шіркеулерінің ауласындағы субұрқақтар індет ошағына айналуы мүмкін.

«Киелі су» әдетте шоқындыру кезінде, шіркеулерді, тұрғын үйлерді, құрылыстарды, өзге де тұрмыстық заттар мен бұйымдарды жын-періден аластау барысында пайдаланылады. Ал православ шіркеулерінде киелі су «күнәдан тазарту» рәсімдерінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!