Жаңа зауыт қалдықсыз өндірісімен ерекшеленеді

Фотография - Жаңа зауыт қалдықсыз өндірісімен ерекшеленеді

Зауыт жоғары өнімділігімен, қалдықсыз өндірісімен және қуатты аз тұтынатындығымен ерекшеленеді. «Фоссло Фастениг Системс Казахстан» ЖШС-і ашылу салтанатында кәсіпорын директоры Ернар Амантаев осылай мәлімдеді

239 0

Зауыт жоғары өнімділігімен, қалдықсыз өндірісімен және қуатты аз тұтынатындығымен ерекшеленеді. «Фоссло Фастениг Системс Казахстан» ЖШС-і ашылу салтанатында кәсіпорын директоры Ернар Амантаев осылай мәлімдеді.

Отандық компания ТМД және Балтық елдері бойынша рельстік бекіткіштер өндіретін тұңғыш бірлескен кәсіпорын болды. Зауыттың қуаты жылына 1милилоннан астам иілгіш рельстік бекіткіштерін өндіруге жетеді. Бұл дегеніңіз еліміздегі «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның, «Алматы метрополитені» КМК-ның, «LRTАстана» ЖШС-нің жыл сайынғы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серіктестікте 50-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, өндірістік қызметкерлер Германиядағы Vossloh AG концернінің зауыттарында өз біліктіліктерін арттырды. Енді компания шетелдік жұмысшыларға зәру емес.

Қазіргі таңда «Фоссло Фастениг Системс Казахстан» ЖШС-і экспорттық әлеуетті арттыру бойынша өз жұмыстарын бастап кетті. Отандық өндірушінің тауарына Ресей, Украина, Моңғолия, Түркменстан және Өзбекстанның тапсырыс берушілер үлкен қызығушылық танытып отыр - деп хабарлады baq.kz

«Алматы облысындағы кәсіпорын Жаңа индустрияландыру бағдарламасының аясында құрылды. Ол жоғары өнімділігімен, қалдықсыз өндірісімен және қуатты аз тұтынатындығымен ерекшеленеді. Оның үстіне, бүгінгі күні Қазақстанда темір жол полимерлік өнімі Vossloh қолданатын ыстық арналы пресс қалыптарын пайдалану арқылы өндірілмейді. Сондықтан, бұл инновациялық жоба болып та табылады», - деп атап өтті «Фоссло Фастениг Системс Казахстан» ЖШС-і бас директоры Ернар Амантаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!