ҰБТ жаңа форматқа көшеді

Фотография - ҰБТ жаңа форматқа көшеді

Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

249 0

 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2015 жылдан бастап екі кезеңнен тұратын Ұлттық тестілеуге көшу қарастырылған. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді келесі екі кезеңге бөлу қарастырылып отыр. Олар: Ұлттық тестілеу және Кешенді тестілеу.

Бірінші кезеңде логикалық тест тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылық тексеріледі. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу жыл сайын өзгертілетін 5 пән бойынша өткізіледі. Бітірушілердің ойларын сауатты жеткізуін тексеру мақсатында эссе жазғызу қарастырылған.

Ал, екінші кезеңде талапкерлер ЖОО-ға тәуелсіз тестілеу арқылы таңдаған мамандығына сәйкес екі пәннен құралған блокты тапсырады.

Тестілеу заманауи ақпараттық иновациялық технологиялар арқылы өткізілмек.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!