Google әлем конституцияларының мұрағатын іске қосты

Фотография - Google әлем конституцияларының мұрағатын іске қосты

Google түрлі елдердің конституциялары жинақталған электронды мұрағатты ашты, деп жазады ВВС.

341 0

Google түрлі елдердің конституциялары жинақталған электронды мұрағатты ашты, деп жазады ВВС.

Компанияның хабарлауынша, бұл бастама мемлекеттерге жеке конституциясының мәтінін құруға көмектесу үшін қолға алынып отыр.

Мұрағатты іздестіру тетіктері арқылы зерттеуге болады, яғни осы тетіктер мемлекеттердің негізгі заңдарында белгіленген бөлек баптарды тауып, салыстыруға мүмкіндік береді.

Мұндай мұрағат әсіресе жақында саяси дағдарыс пен әскери қақтығыстарды басынан өткерген елдер үшін қажет болуы мүмкін.

Мәселен, Нью-Йоркте мұрағаттың салтанатты ашылуына қатысқан Тунис Президенті Монсеф Марзуки осындай ресурс өзінің елі үшін өте қажет болатындығын сөз еткен. Атап айтқанда Тунистің саяси күштері 2011 жылғы революциядан кейін қажет болған жаңа конституцияның жобасы бойынша келісе алмай жүр.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!