Тарихиқолжазбалар жеткізілді

Фотография - Тарихиқолжазбалар жеткізілді

Иран мен Үндістаннан қазақ хандарының атқарған істері, жүргізген дипломатиялық саясаты туралы мағлұмат беретін қолжазбалар елге жеткізілді

154 0

Иран мен Үндістаннан қазақ хандарының атқарған істері, жүргізген дипломатиялық саясаты туралы мағлұмат беретін қолжазбалар елге жеткізілді

Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының ғалымдары Ираннан 25, ал Үндістаннан 13 қолжазба алып келді. Парсы тілінде жазылған тарихи құжаттар ХІ-ХVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Мамандардың айтуынша, дерек жинау оңай болмаған. Дегенмен бір айға жетер-жетпес уақытта шетел мұрағаттарының қатаң талаптарын сақтай отырып, ғалымдарымыз қазақ тарихына қатысты маңызды мағлұматтар алып келді. Атап айтсақ, 3 жүздің басын біріктірген соңғы хан Ә2з-Тәукенің, қазақ хандығын нығайтып, көркейткен Қасым ханның көрші елдермен дипломатиялық байланыс орнатуға бағытталған хаттарының көшірмесі әкелінді. Сондай тарихи құжаттардың бірі Тәуке ханға Қоқан хандығының билеушісі Абдурахим ханның жазған хаты бар - деп хабарлады  baq.kz

Ғалия Қамбарбекова, философия ғылымының кандидаты:

- Тәуке ханға жазылған хат шамамен 1717-1718 жылдар болуы керек. Шамамен осы жылдары Тәуке хан дүние салған деп есептеледі. Бұл енді өмірінің соңына дейін болғанша қазақ хандығын ыдыратпай ұстап тұру үшін, Қытай бір жағы, бір жағы Ресей, бірақ соған қарамастан мұсылман діні, тілі бір, былай айтқанда, туыстық жағынан да жақын елдермен одақтас іздегендігі, келіссөз жүргізуге барынша күшін салғанын осы хаттан байқауға болады.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!