Түскі ұйқы баланың есте сақтау қабілетін арттырады

Фотография - Түскі ұйқы баланың есте сақтау қабілетін арттырады

деп хабарлайды BBC. Ұйқы 3-5 жастағы балаларға сабақ барысында айтылатын ақпаратты есте сақтауға көмектеседі.

397 0

Баланың түскі астан кейін бір сағат ұйықтап тұрғаны пайдалы, деп санайды мамандар. Бұл оның сабақты жақсы оқуына көмектеседі, себебі ұйқы мидың жұмысын жақсартады, деп хабарлайды BBC. Ұйқы 3-5 жастағы балаларға сабақ барысында айтылатын ақпаратты есте сақтауға көмектеседі.

Массачусет университетінің қызметкерлері 40 баланы арнайы зерттеген. Ұйқының жағымды әсері келесі күнге дейін сақталатын болып шықты. Демек, ұйқы еске түсіру және сабақта оқығанды бекіту үшін өте маңызды. Осылайша, күндіз бір сағат ұйықтағаннан кейін балалар, бақылауға алынған топқа қарағанда ақпаратты 10%-ға артық еске түсіретін болған.

Миға жүргізілген зерттеу барысында анықталғандай, ұйқы кезінде оқыту және жаңа ақпаратты интегралдауға жауап беретін ми аймақтары белсенді жұмыс істейтін болған. Жалпы, кішкентай балалар күніне 11-13 сағаттан ұйықтауы керек. Сонымен қатар, күндіз аз уақытқа көз шырымын алу ересектердің де ақыл-ой жұмысының қабілеттілігін жақсартады.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!