Байқоңырдан «Союз-ФГ» зымырантасығышы ұшырылды

Фотография - Байқоңырдан «Союз-ФГ» зымырантасығышы ұшырылды

Бүгін, Астана уақыты бойынша түнгі сағат 2:59-да Байқоңырдан «Союз ТМА-10М» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымырантасығышы ұшырылды.

248 0

Бүгін, Астана уақыты бойынша түнгі сағат 2:59-да Байқоңырдан «Союз ТМА-10М» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымырантасығышы ұшырылды.

Халықаралық ғарыш стансасына бет алған жаңа экипаждың құрамында ресейлік ғарышкерлер - Олег Котов және Сергей Рязанский, сондай-ақ американ астронавты Майкл Хопкинс бар. «Союз ТМА-10М» кемесі мен ғарыш стансасының түйісуі бүгін таңғы сағат 8:59 автоматты түрде өтуі тиіс. Бұл жолы ғарышкерлер небәрі алты сағаттың ішінде жете алады. Бұған дейінгі ғарыш кемелері Халықаралық ғарыш стансасына екі күнде  ұшып баратын.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!