Елімізде әлемдік деңгейде білім беретін колледждер ашылады

Фотография - Елімізде әлемдік деңгейде білім беретін колледждер ашылады

2015 жылы Астана мен Алматы қалаларында әлемдік деңгейде білім беретін техникалық және кәсіптік колледждер ашылады.

488 0

2015 жылы Астана мен Алматы қалаларында әлемдік деңгейде білім беретін техникалық және кәсіптік колледждер ашылады.

Бұл туралы «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірудің мақсаты мен келешегі» тақырыбына өткен жиында айтылды. Қазірдің өзінде Атырауда Канаданың білім беру тәжірибесімен мұнай-газ саласының мамандарын дайындайтын колледж өз жұмысын бастады. Жаңа ашылған оқу ордасында Канаданың жоғары білікті оқытушылары білім береді. Техникалық жабдықталуы да әлемдік жүйеге сай әрі жұмыс берушілердің талабын орындай алады. Айта кетейік, бұдан бұрын техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру мақсатында Сингапурдың Наньянг Политехник оқу орнында бірқатар ұстаз білім алып қайтқан.

Шынар Төлешова, Академиялық басқару департаментінің бас менеджері:

- Қазіргі колледждің көбінің материалдық-техникалық жабдықталуы заман талабына сай келмей жатады. Сонымен бірге жұмыс берушілердің талабын да ақтай алмайды. Ал біздің ашқан колледждің техникалық жабдықталуы әлемдік жүйесге сәйкес. Ал білім берудегі ағылшын тілі, физика, математика, химия пәндері бойынша студенттер дайындық курсынан (foundation) өтеді.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!