Ғаламтор беттерінде Құранның бұрмаланған нұсқасы жүр

Фотография - Ғаламтор беттерінде Құранның бұрмаланған нұсқасы жүр

Мұсылмандар әлеміне аса белгілі «әл-Азһар» ислам орталығы ғаламтор бетінде  қасиетті Құран аяттарының бұрмаланған нұсқаларының  жүргенін хабарлайды.

180 0

Мұсылмандар әлеміне аса белгілі «әл-Азһар» ислам орталығы ғаламтор бетінде  қасиетті Құран аяттарының бұрмаланған нұсқаларының  жүргенін хабарлайды.

Осыған орай, ислам зерттеу орталығының төрағасы шейх Тофик  Абдель-Азиз Құран аяттарын ғаламтордан оқитынандарға өте мұқият болуды ескертеді. Жалған аяттарға жолықпас үшін шейх Тофик мемлекеттік тіркеудегі «әл-Азхар» веб-порталының,, дін министрлігінің немесе ««Дар уль-Ифта» сияқты шариғат ордаларының сайттарын  сілтеме көрсете келіп, осы сайттардан Құран аяттарының сенімді нұсқасын табуға болатынын жеткізді. Ол сондай-ақ, діни сайттардың тізгінін ұстаған редакторларды осы мәселеге қатысты абай болуларын ескертті.

Қасиетті Құранның бұрмаланған мәтінін алдымен әлеуметтік желіні пайдаланатындар байқаған екен. Нақтырақ айтқанда, «әл-Имран» сүресінің 7-ші аятында «әл-Хақ» (Ақиқат) сөзі кездескен. Қасиетті Құранда бұл сөз жоқ.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!