Күн сайын грек жаңғағын жеу жүрек ауруларының алдын алады

Фотография - Күн сайын грек жаңғағын жеу жүрек ауруларының алдын алады

Yale-Griffin Prevention Research Center (Коннектикут штаты) диабетті зерттеу орталығының қызметкерлері ас ас мәзіріне грек жаңғағын қосу диабет және жүрек ауруларының дамуынан сақтандыратынын анықтады, деп хабарлайды РБК.

179 0

Yale-Griffin Prevention Research Center (Коннектикут штаты) диабетті зерттеу орталығының қызметкерлері ас ас мәзіріне грек жаңғағын қосу диабет және жүрек ауруларының дамуынан сақтандыратынын анықтады, деп хабарлайды РБК.

Зерттеу барысында ғалымдар 30-75 жастағы ерікті 46 ересек адамның жағдайын қадағалады.

Өз еркімен сыналған адамдарды екі топқа бөлген. Олардың біреуі сегіз апта бойы грек жаңғағы көп қосылған тамақ жеу тәртібін (күн сайын қатысушылар 56 г қуырылмаған грек жаңғағын тұтынған) ұстанған, ал екіншісі ұстанбаған.

"Грек жаңғақтарының құрамында ағзаны шлактардан тазартуға қажетті маңызды қоректік заттар бар", - дейді зерттеу жұмысының авторы Дэвид Кац.

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, күн сайын грек жаңғақтарын қолдану висцериалдық семіруге шалдыққан адамдардың (адам үшін аса қауіпті) эндотелиалдық қызметін жақсартады. Жаңғақтар салмақ қосуға әсер етпейді. Мамандар осы салада жұмыс істеуді жалғастыруды жоспарлауда.

Бұрын Бостондағы Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің қызметкерлері аптасына екі-үш рет грек жаңғақтарын жеу екінші типті диабеттің даму қаупін бір ширек азайтатынын анықтаған.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!