Қатерлі ісікті емдеудің жаңа тәсілі табылды

Фотография - Қатерлі ісікті емдеудің жаңа тәсілі табылды

 Мысырдың Ұлттық зерттеу орталығы қатерлі ісік дертін алтынмен емдеу тәсілін қолға алмақшы

184 0

Мысырдың Ұлттық зерттеу орталығы қатерлі ісік дертін алтынмен емдеу тәсілін қолға алмақшы, деп хабарлайды muslim.kz.

Аталмыш орталықтың жетекшісі Ашраф Шаалянның айтуынша, ғалымдардың тышқанға қолданған тәжірибесі оң нәтиже көрсеткен. Ендігі жерде қатерлі ісіктің бетін қайтару үшін бұл тәсілді адамдарға да қолданып көруге бел байлап отыр. Мысырлық ғалымдар емдеудің осы тәсілін осыдан жарты жыл бұрын жария еткен еді. Алайда, бұл тәжірибені адамдарға қолданып көрмеген болатын.

Емдеудің аталмыш тәсілі – алтын мысқалын лазердің көмегімен ісікке бағыттайды. Оның сау жасушаға еш зияны жоқ.

Айта кетейік, Мысырда жыл сайын орташа есеппен алғанда жиырма мыңдай адам қатерлі ісік ауруымен тіркеледі. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!