Қазақстан колледждерінде білім тегін берілуі мүмкін

Фотография - Қазақстан колледждерінде білім тегін берілуі мүмкін

Қазақстан колледждеріндегі білім беру жүйесі ақысыз негізге көшуі мүмкін. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ақтөбеге барған сапарында мәлімдеді

206 0

Қазақстан колледждеріндегі білім беру жүйесі ақысыз негізге көшуі мүмкін. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ақтөбеге барған сапарында мәлімдеді деп хабарлайды "Мой город".

Министр Ақтөбе өңіріне Елбасының халыққа арнаған Жолдауын түсіндіруге барған болатын. Ол мұнда студент жастармен және ұстаздармен кездесіп, аталған құжаттың маңыздылығына тоқталды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда орта білім беру жүйесін дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде Елбасы Астана мен Алматыдан әлемдік деңгейдегі екі колледж салуды тапсырған. Сонымен қатар, орта білім беру мекемелеріндегі материалды-техникалық база да жаңартылып, оларға берілетін мемлекеттік тапсырыстың көлемі артты дейді ол. Ал, қазіргі таңда шәкірттердің колледждерде тегін білім алу мәселесі қарастырылып жатыр деп сөзін қорытындылады А.Сәрінжіпов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!