Алма әйелді 17 жылға жасартады

Фотография - Алма әйелді 17 жылға жасартады

 Ғалымдардың айтуынша, алма жемісі әйелдердің жас көрінуіне септігін тигізеді екен. Тіпті, нәзік жандыларды ол 17 жылға дейін жасартуы ғажап емес

341 0

Ғалымдардың айтуынша, алма жемісі әйелдердің жас көрінуіне септігін тигізеді екен. Тіпті, нәзік жандыларды ол 17 жылға дейін жасартуы ғажап емес.

Күн сайын алма жеген адамның ағзасы жасарып, қартаю процесі ақырын жүреді. Ғалымдардың соңғы зерттеуі осыған дәлел. Жемістің құрамындағы дәрумендер мен өзге де элементтер әсіресе қыз баласына пайдалы көрінеді.

Мамандардың айтуынша, алманы тұрақты түрде жейтін адамның терісі мен ағзасындағы зиянкес микробтар жойылып, жағымсыз процестердің жүруі бәсеңдейді. Оған басты себеп, жемістің құрамында флавоноид және полифенол заттары көптеп кездеседі екен. Бұл элементтер жүректің жұмыс істеуін жақсартып, қартаю процесін тежейді.

Аталған зерттеу барысында анықталғаны, алма әйелдерді 17 жылға жасартады екен. Бұл ретте тек сыртқы келбеті сұлуланбай, нәзік жандылардың бүкіл ішкі құрылысы да жасаратын көрінеді.

Нью-Йорк университеті ғалымдарының айтуынша, күніне 1 жаңа үзілген алма жеген адамның ағзасында қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі төмендейді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!