Әлемдік тәжірибеде өте күрделі саналатын операция жасалды

Фотография - Әлемдік тәжірибеде өте күрделі саналатын операция жасалды

Шымкенттегі облыстық ауруханада алғаш рет ортан жілікті орнына келтіріп, жарақаттанған буынды жасанды эндопротезге ауыстыру операциясы жасалынды

267 0


Шымкенттегі облыстық ауруханада алғаш рет ортан жілікті орнына келтіріп, жарақаттанған буынды жасанды эндопротезге ауыстыру операциясы жасалынды.

   Жергілікті дәрігерлер Польша, Германия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан сияқты мемлекеттерден келген әріптестерімен бірлесіп, бірнеше күрделі операция жасауға мүмкіндік алды - деп хабарлады  baq.kz

   Бірнеше мемлекеттен келген мамандар жергілікті дәрігерлермен бірлесіп бір мезетте 9 операция жасады. Әлемдік тәжірибеде өте күрделі саналатын операция Шымкентте алғаш рет жасалды.

Әбдіғали Құдайбергенов, ОҚО аурухананың ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Бүгінде біз 2 операцияны өткізу үшін Ресей және Польшадан атақты профессорларды шақыртып, бірге жасап жатырмыз. Келешекте осындай науқастарға жақсы медициналық жәрдем көрсетеміз деп ойлаймыз.

Андрей Климаш, нейрохирург (Санкт-Петербург):

- Жергілікті дәрігерлер бұл операцияны енді өз күштерімен жасай алады деп ойлаймын. Себебі аурухана замануи қондырғылармен толық жабдықталған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!