Қарағандылық дәрігерлердің препаратын әлем қолдануда

Фотография - Қарағандылық дәрігерлердің препаратын әлем қолдануда

Қарағандылық ғалымдар ісік ауруларының бетін қайтаратын, ащы жусаннан жасалған арглабин препаратын алты елдің клиникасы қолданып жатыр.

282 0

Қарағандылық ғалымдар ісік ауруларының бетін қайтаратын, ащы жусаннан жасалған арглабин препаратын алты елдің клиникасы қолданып жатыр.

Онкология және радиология ҚазҒЗИ директоры Қуаныш Нұр­ға­зиевтың айтуынша, адам өміріне ең қатерлі дерттің ішінде ісік аурулары Қазақстанда екінші орында тұр. Соның ішінде өкпе ісігі бірінші тұр, одан ке­йін­гі орындарда, асқазан-ішек және сүт бездерінің қатерлі ісігі алады. Соң­ғы бес жылдың ішінде ісік ауруының көбею деңгейі 4,4 пайызға өскен. Әрине, бұған дәрігерлер дәрменсіздік көрсетіп, қол қусырып қарап отыра ал­майды. Қазақстандық фармако­лог­тар осы қатерлі дерттің алдын алуға шындап кіріскен сияқты. Арглабин препаратының тиімділігіне көздері жеткен әлемдік жетекші клиникалар мұны бірден қабылдап, өз пациент­те­ріне қолдана бастады. Қазір біздің фар­мацевт ғалымдар ойлап тапқан, қазақ даласында ғана өсетін кәдімгі жусаннан жасалатын препарат әлем­нің 11 елінде патенттелген. Бүгінгі күні жусаннан жасалған жаңа дәріні өзі­міздің елдегі емдеу орындарынан бас­қа АҚШ, Германия, Ресей, Грузия жә­не Қырғызстан клиникалары кеңінен қолданып жатыр.

Арглабин дәрісі Орталық Қазақ­станда ғана өсетін жусанның ерекше түрінен жасалған. Оны, негізінен, ба­уыр, жатыр мойыны, сүт бездері, өк­пе ісік ауруларына қарсы қолданады. Осы уақытқа дейін препарат ісік ауруы­на шалдыққан үш мың адамға қолданылыпты, оның 76 пайызы оң нәтиже беріп, дерттің беті қайтқан. Арглабин мен сәуле терапиясының қосындысы отадан кейінгі аурудың асқынуын 4,5 есеге азайтатынын зерт­теуші ғалымдар анықтап отыр.

Орта есеппен алғанда, Қазақстан халқының 30-40 пайызы әртүрлі ауру­лармен ауырады екен. Соңғы кездер­де Үкімет халықтың денсаулығын сақ­тау­ға қатты көңіл бөлуде. Келесі жылдан бастап әрбір қазақстандыққа 800 теңге бөлінетін болмақ. Денсаулығы мықты адамдарға бұл бөлінген қаржы қа­жет­сіз болса, ол ауырған адамдарға жұм­салатын болады. Сондай-ақ бір адамға жылына 50 рет емделуге немесе ме­дициналық диагностика жасауға мүм­кіндік беріледі.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!