Ғалымдар қатерлі ісіктің емін табудың алдында тұр

Фотография - Ғалымдар қатерлі ісіктің емін табудың алдында тұр

Британдық дәрігерлер терідегі қатерлі ісік ауруын емдеуде оң нәтижелерге қол жеткізе бастағандығын айтуда. Олардың ойлап тапқан жаңа дәрісі осынау індетке шалдыққандарға үлкен көмегін тигізе бастаған

194 0

Британдық дәрігерлер терідегі қатерлі ісік ауруын емдеуде оң нәтижелерге қол жеткізе бастағандығын айтуда. Олардың ойлап тапқан жаңа дәрісі осынау індетке шалдыққандарға үлкен көмегін тигізе бастаған.

Дәрігерлер науқастарға екі түрлі дәрі ұсынып отыр. Олардың бірі - ипилимумаб, екіншісі - анти-PD1s. "Бұл препараттар адам ағзасында ісікпен қарсы күресетін қорғаныш тетіктерін тудырады" дейді Cancer Research UK қорының профессоры Питер Джонсон - деп хабарлады  baq.kz

Еуропалық мамандардың айтуынша, емдеудің жаңа тәсілі әрбір алтыншы науқасқа көмегін тигізеді екен. Демек, алдағы 5-10 жыл аралығында тері рагы емдеуге келетін аурулардың қатарына жатқызылатын болады. Ал, онымен ауыратындардың 50 пайызын өлімнен арашалауға мүмкіндік зор дейді британдық ғалымдар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!