Биыл вакцина құны 1800-2500 теңге аралығында болады

Фотография - Биыл вакцина құны 1800-2500 теңге аралығында болады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, биыл да 2012-13 жылдардағыдай А және В типті тұмау вирустары мен басқа да респираторлық вирустар байқалып отыр

256 0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, биыл да 2012-13 жылдардағыдай А және В типті тұмау вирустары мен басқа да респираторлық вирустар байқалып отыр. Бұл туралы ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау комитеті Эпидемиялық қадағалау басқармасының басшысы Айтмағанбет Жолшоринов мәлім етті.

Осы себепті қазан айынан бастап тұмауға қарсы жаппай иммундау науқаны басталады. 2013-2014 жылдарға 633 миллионнан астам теңгеге 929 656 мың вакцина сатып алынған.

Созылмалы өкпе ауруына, жүрек-қан тамыры ауруларына шалдыққандарға, әлсіз және жиі ауыратындарға, балалар үйлері мен мектеп-интернатта тәрбиеленіп жатқандарға, қарттар үйіндегілерге, медицина қызметкерлеріне және жүкті әйелдерге вакцина тегін егіледі. Ал ақылы вакцинаның құны 1800-2500 теңге аралығында.

Қазір Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинаның 2 түрі тіркелген. Францияның Санофи Пастер фирмасы шығарған Ваксигрипп және Нидерландының Солвей Фарма фирмасынан шыққан Инфлювак вакцинасы - деп хабарлады baq.kz

Алайда, Денсаулық сақтау министрлігінің хабрлауынша, тұмауға қарсы елімізде тіркелген кез келген вакцинаны пайдалануға болады. Бір ескеретін жағдай, тұмауға қарсы вакцина тек рет қана егіледі, дәрінің әсері әдетте дәрі егілгеннен кейін 14 күн өткенде білінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!