Жұмағұлов жайлы сыбыстар жалған болып шықты

Фотография - Жұмағұлов жайлы сыбыстар жалған болып шықты

 Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

271 0

Құқық қорғау органдары бұрынғы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловты іздестіріп жатқаны туралы ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

«Ал бұрынғы вице-министр Саят Шаяхметовке қатысты іс әлі тексеріліп жатыр. Сараптама жүргізіліп, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - дейді М.Жұманбай.

2013 жылдың 29 сәуірінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Өскеменде 700 орындық білім беретін мекемені салу кезінде бюджеттен 1,5 млрд. теңге ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. 14 мамырда бұл қылмысқа қатысы бар деген айыппен ҚР БҒМ вице-министрі Саят Шаяхметов пен «ҚР соғылып жатқан білім және ғылым нысандарыдирекциясы» ЖШС-інің бас директоры Пак ұсталды.

Мекеменің деректеріне сүйенсек, 17 мамырда Шаяхметов соттың шешімімен үй қамауына алынды, ал Пак бас бостандығынан айырылды.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!