Фермерлерді қолдау қоры сүт өңдеуді кластерлік қаржыландыру жобасын әзірлеуде

Фотография - Фермерлерді қолдау қоры сүт өңдеуді кластерлік қаржыландыру жобасын әзірлеуде

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының шеңберінде «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – сүт өңдеуді кластерлік қаржыландыру жобасын әзірлеуде

279 0

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының шеңберінде «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – сүт өңдеуді кластерлік қаржыландыру жобасын әзірлеуде.


«Кластерде Қордың несиелік өнімдер пайдаланады: «Мурабаха» исламдық қаржыландыру бағдарламасы және Жұмыспен қамту – 2020 Жол картасы бойынша шағын несиелеу»,-делінген хабарламада.


Компанияның мәліметінше, жобаны Қарағанды облысында пилоттық түрде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, облыстық әкімдігі, «Нәтиже» ЖШС және облыстың шағын ауыл шаруашылық тауар өндірушелерімен бірігіп, жүзеге асырады.


««Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен орындалатын жүйе бойынша сүт өңдеуге қатысатын субъектілерінің өзара іс-қимылдары келесідей болады: «Нәтиже», сауын сиырды сатып алғысы келетін, бірақ оған қаржысы жетпейтін сүт жеткізушілерінің тізімін жасайды. Оларға кеңес беру және құжаттарды қабылдау үшін Қор қызметкерлері ауылдарға шығады»,- делінген хабарламада.

Болашақтағы қарыз алушы мал сатушымен ниет шартын жасайды. Одан кейін Қор қарыз алушыға сүтті тұқымды ІҚМ сатып алуға несие бөледі (тауарлы түрде қарыз беру жүйесі бойынша да мүмкін). Қарыз алушы, мал алғаннан кейін, сүтті өңдеп, «Нәтижеге» келісілген бағамен тапсырады. Кіріс түскеннен кейін қарыз алушы қарыз бойынша міндеттерін орындауды бастайды. Бұл міндеттер сатып алынатын сүт есебінен «Нәтиже» тарапынан да орындалуы мүмкін.


Сонымен қатар, «Мурабаха» бойынша сүтті тасымалдауды несиелеу жүйесі қарастырылған: қарыз алушы сүт тасымалдайтын көлікті бөліп-бөліп төлеуге сатып алады және сүт жеткізушілер мен «Нәтиже» компаниясымен жасалған келісім-шарт бойынша сүтті жинап, қабылдау пунктеріне жеткізеді.


«Жобада сүт өңдеушілеріне бөлінетін мемлекеттік қолдау шаралары да ескерілген. Мемлекет сүтті тұқымды ІҚМ жас малын сатып алуға, селекциялық және асыл-тұқымды жұмыстарын жүргізуді арзандатуға, аналық мал басын сапасын көтеруге бағытталған субсидия береді»,-делінген хабарламада.


Компанияның мәліметінше, сондай-ақ, мемлекеттік субсидиялардың көмегімен бұқа-өндірушілерінің бағаланған ұрықтың бағасы мен эмбриондарды трансплантациялау бағасын төмендетуге болады - деп хабарлады  newskaz.kz


Сонымен қатар, ІҚМ аналық басын қоректендіру үшін қара азық пен мәйекті мал азығының бағасы субсидия арқылы арзандатылады.

Жоба бойынша келесі талаптар бекітіледі: қарыз сомасы – 3 млн. 750 мың теңгеге дейін, 4 жылға, талаптарға сәйкес келетін жағдайда мемлекеттің субсидиясы 1 мал басына 118 мың теңгені құрайды.

 

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында   2006 жылы құрылды.Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ кіреді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!