Иран ғылыми дамуда Таяу Шығыста көшбасшысы болып тұр

Фотография - Иран ғылыми дамуда Таяу Шығыста көшбасшысы болып тұр

«Skopus?» халықаралық зерттеу институтының дерегіне қарағанда, Иран Таяу Шығыста ғылыми жаңалықтар ашуда өзге елдерді шаң қаптырып, бірінші орынға көтерілген

210 0

«Skopus?» халықаралық зерттеу институтының дерегіне қарағанда, Иран Таяу Шығыста ғылыми жаңалықтар ашуда өзге елдерді шаң қаптырып, бірінші орынға көтерілген. Ал, «ғылыми білім өндірісі» өлшемдері бойынша әлемде 16-шы орынға табан тіреген.

Аталмыш өлшемде қандай да бір елде жаратылыстану және техникалық салаларға қатысты жарияланған ғылыми мақалалардың саны мен сапасы басты рөл атқарады.

Иранда 2013 жылдың қыркүйек айында 27306 ғылыми мақала жарық көрген екен. Одан кейінгі орында Швейцария – 26118 мақала. Сонымен қатар, Таяу Шығыста Иранмен Түркияның бәсекелесіп отырғанын айта кету керек – 36045 мақала. Түркия бұл тізімдерде 19 орынды місе тұтқан.

Иран Ресей Федерациясы (14-ші орын) мен технологиясы жоғары Тайванды да (15-ші орын) артқа тастағанын айта кету керек.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!