Mercedes Benz яхта шығара бастады

Фотография - Mercedes Benz яхта шығара бастады

Әйгілі неміс концерні тек автокөлік емес, қымбат яхта шығарумен де айналыса бастады

239 0

Әйгілі неміс концерні тек автокөлік емес, қымбат яхта шығарумен де айналыса бастады. Осыдан бір жыл бұрын Mercedes Benz пен Silver Arrow Marine компаниясы біріге отырып, жаңа яхта жасауға кіріскен болатын. Күні кеше Granturismo деп аталатын су көлігі көпшілік назарына ұсынылды.

Жаңа яхтаның ұзындығы 14 метр болады деп күтілуде. Оның ішінде кондиционер, жоғары класты аудиожүйе, жұмсақ дивандар мен шарап сақтайтын шағын қоймасы бар.

Су көлігін жасауда дизайнерлер былғары мен эвкалипт ағашын пайдаланған. Салон сыйымдылығы - 10 адам. Ал, моторының қуаттылығы 960 аттың күшіне тең.

Silver Arrow Marine компаниясы алғашында дәл осындай тек 10 яхтаны шығаруды жоспарлап отыр. Біреуінің құны - 1,68 миллион доллар. Ал, тапсырыс берушілер оны ең ерте дегенде 2015 жылы ғана ала алады.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!