Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы онкологияық аурулардың негізгі себептерін атады

Фотография - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы онкологияық аурулардың негізгі себептерін атады

Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігінің өкілдері сыртқы ауа адамға канцерогендік әсер етіп, өкпе қатерлі ісігіне ұшырататынын мәлімдеді

586 0

Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігінің өкілдері сыртқы ауа адамға канцерогендік әсер етіп, өкпе қатерлі ісігіне ұшырататынын мәлімдеді.

Олар ғылыми әдебиеттерді зерделей келіп, осындай қорытындыға келді, деп хабарлады РБК.

Сондай-ақ сарапшылар қуықтың қатерлі ісікке ұшырау қаупі көп екенін атап өтті. Зерттеу барысында олар кейбір ауаны ластайтын заттардың шоғырлану деңгейін, соның ішінде атап айтқанда қатты бөлшектердің зиянды әсерін бағалады. Олар мұндай заттарды адамдар үшін канцероген ретінде жіктеп, қатты бөлшектердің әсеріне байланысты өкпе қатерлі ісігіне ұшырау қаупі туралы баяндама жазды.

Сонымен қатар ауаны ластайтын заттар, экологиялық проблемалар тыныс алу жолдары мен жүрек сырқаттарына шалдықтыратыны атап көрсетілді. Жүргізілген зерттеулер соңғы жылдары ауаның ластануы едәуір артқанын көрсетеді. Бұл, әсіресе халық саны көбейген, жылдам дамып келе жатқан елдерде байқалып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, 2010 жылы ауа ластануы салдарынан өкпе қатерлі ісігінен 223 мың адам көз жұмған.

«Біз жұтатын ауа қатерлі ісік тудыратын улы заттар қоспасымен ластанған. Енді біз атмосфералық ауаның ластануы денсаулық үшін қауіпті болуымен бірге, қатерлі ісік салдарынан өлімге апаратын жол екенін білеміз», - деді агенттік қызметкері Курт Стейф.

Атмосфералық ауаны ластайтындар - өнеркәсіп және жылу-энергетикалық кәсіпорындары, көлік, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық қалдықтар - деп хабарлады ҚазАқпарат

Ғалымдардың зерттеулері туралы есеп 24 қазанда The Lancet журналының онлайн-нұсқасында жарияланбақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!