Үндістан Марсқа ғарыш кемесін ұшырады

Фотография - Үндістан Марсқа ғарыш кемесін ұшырады

Үндістан Марсқа 28 қазан күні ғарыш кемесін ұшырмақ. Жоспар бойынша зымыран "Қызыл" ғаламшарға бүгін аттануы тиіс болатын

229 0

Үндістан Марсқа 28 қазан күні ғарыш кемесін ұшырмақ. Жоспар бойынша зымыран "Қызыл" ғаламшарға бүгін аттануы тиіс болатын. Алайда, табиғаттың қолайсыздығынан ұшыру 1 апта кейінге қалдырылып отыр.

Зымыран 28 қазан күні ұша алмаған жағдайда 19 қарашаға дейін ғарышқа аттануы тиіс. Бұл мерзімнен кешіксе мүлдем ұшырылмауы мүмкін. Өйткені, осы уақытта Жер мен Марстың арасы барынша жақындайды екен. Енді мұндай құбылыс тек 2016 жылы ғана қайталанады дейді астрономдар. Ал, "Мангальян" ғарыш кемесі сәтті ұшырылған жағдайда Марсқа келер жылдың қыркүйегінде бір-ақ жетеді. Жоспар ойдағыдай жүзеге асса Үндістан "Қызыл" планетаны бағындырған әлемдегі төртінші ғарыш державасы атанбақ.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!