Apple жаңа iPad-ты таныстырды

Фотография - Apple жаңа iPad-ты таныстырды

Амеркалық Apple компьютер компаниясы 22 қазанда Сан-Франциско қаласында танымал iPad планшетінің жаңа нұсқасын таныстырды

353 0

Америкалық Apple компьютер компаниясы 22 қазанда Сан-Франциско қаласында танымал iPad планшетінің жаңа нұсқасын таныстырды.

iPad Air деп аталатын гаджеттің қалыңдығы бұған дейінгі нұсқаларынан 20 пайызға жұқа және 450 грамм ғана тартады. Компанияның мәліметінше, бұл нарықтағы ең жеңіл планшет саналады.

Жаңа iPad Air АҚШ-та сатылымға 1 қарашадан бастап шығарыла бастайды. Планшеттің ең арзан түрі 499 АҚШ доллары болмақ.

2010 жылы алғашқы iPad шыққаннан соң планшет жасау саласында бәсекелестік күшейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!