Бойжеткендердің қатерлі ісік дертіне шалдығуының негізгі себебі темекіден

Фотография - Бойжеткендердің қатерлі ісік дертіне шалдығуының негізгі себебі темекіден

Әлемде бойжеткен қыздардың қатерлі ісік дертіне шалдығуының негізгі себебі темекіден болып жатады

135 0

Әлемде бойжеткен қыздардың қатерлі ісік дертіне шалдығуының негізгі себебі темекіден болып жатады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйнович мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, әлемде қатерлі ісік дертіне шалдығу деңгейі темекі өнімдерінің жарнамасы секілді жоғарылап келеді.

«Соңғы жылдары әлемде темекіні пайдалану мен онкологиялық аурулар өсімінің қарқыны ұқсас»,-деп нақтылап өтті М. Вуйнович.

Сонымен қатар ол әйелдердің қатерлі ісік індетіне шалдығуын ынталандыратын тағы да басқа себептерді айта келе, оның ішінде дұрыс тамақтанбау мен аз қимылдайтын өмір салты секілді факторлар бар екенін жеткізді.

«Ғылыми зерттеулердің дәлелді дәйегіне сүйенсек, кем дегенде 30 минут көлеміндегі белсенді жүріс-тұрыс денсаулықтың жақсаруына айтарлықтай әсер етеді»,-дейді ДДСҰ өкілі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!