Семіздердің майы науқастарға өмір сыйлайды

Фотография - Семіздердің майы науқастарға өмір сыйлайды

Американың Стэнфорд медициналық мектебінің ғалымда­ры липосакциямен алынған май жасушаларын бауыры ауыра­тын науқастарға салуды ұсынады. Бұл әдіс келешекте бауыр алмастыру операциясынан бас тартуға мүмкіндік береді

190 0

Американың Стэнфорд медициналық мектебінің ғалымда­ры липосакциямен алынған май жасушаларын бауыры ауыра­тын науқастарға салуды ұсынады. Бұл әдіс келешекте бауыр алмастыру операциясынан бас тартуға мүмкіндік береді.

Мeddaily.ru-дың ақпаратына қарағанда, мамандар бірегей техно­логияның көмегімен семіз адамнан алынған май жасушаларын арнайы сұйықта өсірген. Кейін алынған 5 миллион жасушаны бауыры зақым­данған кеміргіштерге қолданады. Төрт аптадан соң тышқандардың бауырында сарысу тәрізді альбумин ақуыздары пайда болған. Жаңа жасушалар ағзаны жатсынбай, бауырдың функциясын атқаруға белсене кірісіп кетіпті. Ғалымдардың айтуынша, донор тапшылығы кезінде бұл – тамаша әдіс. Ол тоғыз күнде нәтиже береді. Адамның бауыры шамамен 200 млрд жасушадан тұрады екен. Ауру органды қалпына келтіру үшін зақымданған жасушалардың жартысын ауыстыру қажет болады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!