Қазақтар радиоактивті қалдықтарды өзге планетаға тасымалдайды

Фотография - Қазақтар радиоактивті қалдықтарды өзге планетаға тасымалдайды

Қазақтар 20-30 жылдан кейін радиоактивті қалдықтарды басқа планеталарға тасымалдайтын болады

171 0

Қазақтар 20-30 жылдан кейін радиоактивті қалдықтарды басқа планеталарға тасымалдайтын болады. Бұл туралы өнертапқыш Ерасыл Жеңісов пен Рыспек Арман хабарлады.

Қарағанды қаласындағы ұлдарға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушылары Астанада өткен көрмеде өздері ойлап тапқан қондырғыларымен таныстырды. «Жобамыздың ерекшелігі ол құлтемірдің көмегімен планетааралық зерттеулер жүргізуге, еңбастысы жер шарындағы радиоактивті қалдықтарды басқа планеталарға тасымалдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұған дейін мұндай жобалар еш жерде жасалмаған»,- деп Рыспек Арман сыныптасымен бірге ойлап тапқан қондырғысы жайлы әңгімесін зор мақтанышпен бастады.

«Қазіргі таңда әлемде мұндай зиянды қалдықтар күн санап көбейіп келеді. Оның үстіне адамзат баласы радиоактивті қалдықтарды қорғасыннан жасалған арнайы контейнерлерге салып, жер астына көмуде. Дәл осылай жалғаса беретін болса, әлемде қорғасында бітетін болады. Осылайша дүниежүзінің экожүйесі күндердің күнінде үлкен тоқырауға ұшырайды»,- деді Рыспек Арман.

«Ал, біз ойлап шығарған капсула сыныптасым, әрі ғылым саласында бірге ізденетін Рыспек айтқан проблемаларды түбегейлі шешуге мүмкіндік береді. Капсула екі қабаттан тұрады. Ішкі бөлігі қорғасынның жұқа қабатынан жасалса, сыртқы қабаты алюминийден болады. Қорғасын радиоактивті толқындарды өткізбесе, алюминий жеңіл металл болғандықтан оларды тасымалдау әлдеқайда жеңіл болмақ. Яғни, біз бүгінгі күнде онсызда аз қалған қорғасынды үнемдейтін боламыз. Сонымен қатар бұл капсуланы көп мәрте пайдалануға болады. Турасын айтсақ, зиянды қалдықтарға толы контейнерді басқа планетаға апарып босатып алған соң, қайта елге келіп онымен тағы да қалдықтарды тасымалдай аламыз», - деп Ерасыл Жеңісов сыныптасының әңгімесін жалғастырды.

«Бұл жобаны қай жағынан алсақта ұтымды. Біріншіден, контейнер жеңіл болғандықтан оны тасымалдау аса қиынға түспейді. Екіншіден, оны көп мәрте қолдануға болатындықтан шикізат көзін үнемдеуге мүмкіндік бар», - деді Ерасыл Жеңісов.

Қазакеңнің қос ұлдарының бұл ізденісі көңілімізді бір марқайтып тастады. Алайда, қай салада болмасын жас өрендеріміздің өнертабысы бүгінде өзге мемлекетке көптеп саудаланып жатқаны жасырын емес. Осы орайда оларға: «Болашақта бұл жобаларыңды өзге мемлекетке сатып жібермейсіндер ме?», деген сұрақты төтесінен қойдық.

«Біз ғарыш саласындағы Қазақстанның әлеуетін ескеруіміз керек. Қалай десекте біздің елдің оған мүмкіншілігі жетпейтіні бесенеден белгілі. Сондықтанда жобаны жүзеге асырушылар біз болмаймыз. Алайда жоба қазақ балаларының табысы болғандықтан ол «made in Kazahstan» болып қала бермек. Ал, қалғандыры тапсырыс орындаушылар. Сондықтанда қазақтар 20-30 жылдан кейін радиоактивті қалдықтарды өзге планетаға тасымалдап жүрсе таң қалмаңыздар», - деді сөз соңында өнертапқыштар.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!