Ұйқының аздығы зиянды

Фотография - Ұйқының аздығы зиянды

Ғалымдар ұйқыға қажетті уақыт бөлмейтіндердің жұмысы сәтсіз болатынын дәлелдеген.

177 0

Ғалымдар ұйқыға қажетті уақыт бөлмейтіндердің жұмысы сәтсіз болатынын дәлелдеген.

Бостонда ғалымдарының зерттеуінше ұйқыңыздың қанғанын сезіну оның қажетті мөлшерінің көрсеткіші емес екен. Ұзағырақ ұйықтаған сайын, сіз белсенді, еңбекқор, түрлі жағдайларда тез шешім таба алатын адам боласыз. «Біздің ғалымдар тобы ұйқының аздығы әуе көлігін басқару, электростанциядағы механизмдерді бақылау және басқа да қиын жұмыстарды орындауға қалай әсер ететінін зерттеді. Бұндай жұмыс түрлері жадының қайта, тез кодталуын, визуалды ақпаратты іздеу, шешімдер қабылдауды талап етеді. Ал аз ұйықтаған сайын, бұл қасиеттер азаяды», - дейдізерттеу авторы Жанна Даффи.

Бір ай бойы ғалымдар 12 адамды бақылауға алды. Бірінші аптада оларға 10-12 сағат ұйықтауға рұқсат етілді. Ал келесі 3 апта бойы олар күнделікті тек 5,5 сағат ұйықтап жүрді. Адамдар аз ұйықтаған күндері өз жұмысын баяу орындаған. Уақыт өте келе, жұмысшылар бұл ұйқы тәртібіне үйреніп, аз ұйықтағандарына еш шағымданбаған. Зерттеу адамның ұйқысы қанғандығын, нәтижесінде өзінің еңбекке жарамдылығын да бағалай алмайтындығын көрсетті. Адам аз ұйықтаған сайын оның еңбекке жарамдылығы азаяды. Ұйқының аздығы ойлау жылдамдығын кемітеді.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!