Қарқаралыдан көне қазан табылды

Фотография - Қарқаралыдан көне қазан табылды

Қарқаралыда жергілікті аңшылар көне қазан тауып алды. Кенесары қорғаны деп аталатын жерден олжаланған жәдігердің 1831 жыл деген жазуы да бар

251 0

Қарқаралыда жергілікті аңшылар көне қазан тауып алды. Кенесары қорғаны деп аталатын жерден олжаланған жәдігердің 1831 жыл деген жазуы да бар.

Тарихи деректерге жүгінсек 1837 жылы Кенесары Қасымұлы патша отрядтарын талқандап, қол астына бірнеше округтерді, соның ішінде осы Қарқаралыны да қаратты.

Осында біраз уақыт аялдап, бекініс құрды. Сол кезден бастап-ақ бұл жер Кенесары қорғаны деп аталып кетті. Ал уақыт иіріміне шыдас берген шойын қазан ұлт азаттығы жолында құрбан болған жандардың тағдырымен біте қайнасқан көнекөз дүние есебінде құнды болып отыр - деп хабарлады   baq.kz

Екі ғасырға жуық тарихы бар жәдігер Қарқаралы қаласының 190 жылдық мерейтойына үлкен тарту болмақ. Көне жәдігер жергілікті өлкетану мұражайына қойылды.

Берік Кемпірбаев, Қарқаралы қаласының тұрғыны:


Кенесары қорғаны жағына қарай аңға шыққан едім. Кездейсоқ жерден шеті көрініп жатқан затқа көзім түсті. Қазып алдым. Көне қазанның жазуы бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!