Астанада жұтқыншақ ісігін емдеудің жаңа әдісімен 4 ота жасалды

Фотография - Астанада жұтқыншақ ісігін емдеудің жаңа әдісімен 4 ота жасалды

Елордада №1 қалалық аурухананың Оториноларингология орталығында жастық мұрын-жұтқыншақ ангиофибромасын хирургиялық емдеудің жаңа әдісімен 4 ота жасалды

221 0

Елордада №1 қалалық аурухананың Оториноларингология орталығында жастық мұрын-жұтқыншақ ангиофибромасын хирургиялық емдеудің жаңа әдісімен 4 ота жасалды.

«Жарты жыл бойы дәрігерлер ойлап тапқан емдеу әдісінің тиімділігін түпкілікті бағалау үшін операциядан кейінгі кезеңде пациенттердің жағдайын бақылаған. Дәрігерлердің жағымды үміттері расталды, барлық пациенттер өзін жақсы сезінеді»,- дейді дәрігерлер.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында №1 қалалық аурухананың Оториноларингология орталығының жетекші мамандары интервенциялық рентгенхирургтармен бірлесіп жастық мұрын-жұтқыншақ ангиофибромасын хирургиялық емдеудің жаңа әдісін жасап, енгізген - деп хабарлады ҚазАқпарат

Жастық мұрын-жұтқыншақ ангиофибромасы жасөспірімдерде ең жиі кездесетін мұрын-жұтқыншақ ісіктерінің біріне жатады. Айта кетейік, бас пен мойынның барлық ісіктерінің кездесу жиілігі 50-60 мың ЛОР пациентерге 1 немесе 0,5% құрайды. Аурудың белгілері ісіктердің ұлғаюы мен шектес құрылымдардың зақымдануына қарай артады. Патологияны анықтау мен емдеу қиын, ал осы түрдің ісіктерін сылып тастау бойынша операциялар оториноларингологиядағы ең күрделі оталар болып саналады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!