Ғалымдар: Алдағы онжылдықта Жер бетіндегі тұрмыс нашарлауы мүмкін

Фотография - Ғалымдар: Алдағы онжылдықта Жер бетіндегі тұрмыс нашарлауы мүмкін

Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) жылсайынғы баяндамасына сәйкес, алдағы онжылдықта күрделі жаһандық климттық өзгерістерге байланысты Жер бетінде өмір сүру жағдайы күрт нашарлап кетуі мүмкін

712 0

Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) жылсайынғы баяндамасына сәйкес, алдағы онжылдықта күрделі жаһандық климттық өзгерістерге байланысты Жер бетінде өмір сүру жағдайы күрт нашарлап кетуі мүмкін. Аталмыш баяндама 2014 жылдың көктемінде жарияланады деп күтілуде.

Осындай мәліметтер келтірілген құжат жобасы америкалық журналистердің қолына тиген екен. Одан келесідей мысалдар келтірілген: «ХХІ ғасырда жаһандық жылыну үдерістеріне байланысты туындаған климаттың өзгеруі экономикалық өсу қарқынын бәсеңдетіп, бірқатар кедей жұрттың жойылуына себеп болуы мүмкін. Жылдың әр мезгілінде жекелеген аймақтарда ыстық ауа райы жоғары ылғалдылық деңгейімен қосарланып, адамзаттың кез келген әрекетіне кедергі келтіретін болады. Ғимараттың сыртында жүру адам өмірі үшін үлкен қауіп төндірмек».

Сондай-ақ, топан су, орман өрті, эпидемиялар мен аштықтан құрбан болғандардың саны артады. Бұл, ең алдымен, кедей тұратын елдер мен аймақтардың жағдайын ауырлатып, олар өз беттерімен жаһандық жылынудың нәубетіне төтеп бере алмайды. Қуаңшылық қазіргі инфрақұрылымды құрдымға жібереді. Ғалымдардың айтуынша, адам тұрмысы үшін қолайлы аумақтардың тарылуы түбінде әскери қақтығыстар туындатуы мүмкін. Сонымен қатар ауыз су көздері үшін күрес те күшейе түседі.

ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, IPCC баяндамасының жобасы БҰҰ мүше мемлекеттерінің үкіметтеріне жолданған. Құжаттың соңғы нұсқасы алдағы жылдың наурызында жарияланады деп божануда. Оған дейін түрлі ғылыми-зерттеу ұйымары сарапшыларының ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп, құжатқа өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!