Байқоңырдан «Союз» зымыраны ұшырылды

Фотография - Байқоңырдан «Союз» зымыраны ұшырылды

Бүгін Астана уақытымен сағат 10:14-те Байқоңырдан Ресейдің «Союз ТМА-11М» зымыран тасығышы ғарышқа ұшты

161 0

Бүгін Астана уақытымен сағат 10:14-те Байқоңырдан Ресейдің «Союз ТМА-11М» зымыран тасығышы ғарышқа ұшты.

Ғарыш кемес халықаралық ғарыш станциясына жеткізетін 38-экспедицияның құрамында жапон азаматы Коичи Ваката, ресейлік Михаил Тюрин және АҚШ азаматы Ричард Мастраккио бар.

Бұл жолғы сапардың бір ерекшелігі - экипаж ғарышқа 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындары алауының шырағданын жеткізіп, қазір ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан Олег Котов пен Сергей Рязанскийдің қолына табыс етпек. Сосын 11 қарашада шырағдан қайтадан жерге жеткізіледі. Сочидегі олимпиада ойындарының ашылу шарасында алауды осы шырағданнан жағу жоспарланған.

Жапон ғарышкері Коичи Вакатаны ғарыш станциясында тамыз айынан бері Кирбо атты алғашқы робот-астронавт күтіп отыр. Биіктігі 34 сантиметр, салмағы - 1 келі, жапон тілінде сөйлей алатын бұл робот ғарыш сапары кезінде Вакатаға серік болмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!