Google компаниясы Лондонда 1 млрд долларға кеңсе салып жатыр

Фотография - Google компаниясы Лондонда 1 млрд долларға кеңсе салып жатыр

Allford Hall Monaghan Morris сәулеттік бюросы Google жаңа кеңсесінің рендерлерін ұсынды.  

146 0


Allford Hall Monaghan Morris сәулеттік бюросы Google жаңа кеңсесінің рендерлерін ұсынды.


Ақпарат көзінің мәліметтеріне қарағанда, аталмыш ғимараттың құрылысы 2016 жылға қарай аяқталуға тиіс. Орналасатын жері Лондондағы Кингс-Кросс вокзалының жанындағы аумақ. Ұзындығы шақырымның үштен бірін құрайды және оған 4500 қызметкер сыяды деп күтілуде.

Сонымен қатар, жалпы есепте осы мақсат үшін жер телімін сатып алу мен құрылыс жұмыстарына 1 млрд доллар шамасында қаржы жұмсалмақшы.

Дегенмен, кейбір сарапшылар бұл қадамды компанияның АҚШ-тағы аса жоғары табыс салығынан жалтарудың жолы, яғни, қолма-қол ақшадан құтылуға асығу көрінісі деп бағалап отыр.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!