Жер бетінен тағы бір жануар жоғалды

Фотография - Жер бетінен тағы бір жануар жоғалды

Адамзат баласы енді ешқашан батыстың қара мүйізтұмсығын көре алмайды, тіпті, хайуанаттар бағынан да

247 0

Адамзат баласы енді ешқашан батыстың қара мүйізтұмсығын көре алмайды, тіпті, хайуанаттар бағынан да. Ғалымдар оның жер бетінен мүлдем жойылып кеткендігін ресми түрде растап отыр. Кезінде Суб-Сахараны мекендеген осынау алып жануарларды ең соңғы рет адамдар 2006 жылы ғана көріпті.

Халықаралық табиғатты қорғау кеңесі мүйізтұмсықтардың өзге де түрлері жойылудың алдында тұр деп дабыл қағуда. Мәселен, африкалық ақ мүйізтұмсықтар мен явалық мүйізтұмсықтар бірер жылдан кейін жер бетінен мүлдем жоғалуы мүмкін. Басты себеп - браконьерлер.

"Егер, сол аймақтардағы елдер жануарларды "екі аяқты жыртқыштардан" дұрыстап қорғайтын болса батыстың қара мүйізтұмсықтарынан қазір айрылып қалмас едік. Енді өзгелері жойылып кетпесін десек, дереу алдын алу шараларын жүргізу қажет", - дейді Халықаралық табиғатты қорғау кеңесінің өкілі Симон Стюарт.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!