Жұмыстан әбден қажыған робот өзіне-өзі қол жұмсады

Фотография - Жұмыстан әбден қажыған робот өзіне-өзі қол жұмсады

Мамандар роботтар арасында тұңғыш рет суицид жасалды деп отыр. Австрияның Хинтерстодер коммунасында үй тазалаушы құлтемір өзінен-өзі іске қосылып, электр плитаға отырған да, жанып кеткен

182 0

Мамандар роботтар арасында тұңғыш рет суицид жасалды деп отыр. Австрияның Хинтерстодер коммунасында үй тазалаушы құлтемір өзінен-өзі іске қосылып, электр плитаға отырған да, жанып кеткен.

Бұл туралы Нitech.newsru.com хабарлайды. 44 жастағы қожайын Гельмут Книвассер роботына соңғы рет еденді жармадан тазартуды тапсырған да өзі көшеге шығып кеткен. Қайтып келсе, асхана өртеніп жатыр, робот электр плитаның үстіне шығып алған. Қо­жайын­ның айтуынша, ол алдымен өзін-өзі, кейін плитаны іске қосқанға ұқсайды. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, робот мұндай қадамға зеріктіретін жұмыстан қажып кеткен соң барған. Айта кетейік, биыл маусым айында Австрияда көгал қырыққыш робот қожайынынан қашып шығып, көрші үйдің ауласындағы шлангы­ларды кесіп тастаған еді, деп жазады "Алаш айнасы" басылымы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!