Адамның жаңа түрі табылды

Фотография - Адамның жаңа түрі табылды

Ғалымдар неандертал мен денисов геномдарын зерттей келе, олардың қазіргі адам түріне ДНҚ құрамын тасымалдағанын анықтаған.

155 0

Ғалымдар неандертал мен денисов геномдарын зерттей келе, олардың қазіргі адам түріне ДНҚ құрамын тасымалдағанын анықтаған.

Биологтер жойылып кеткен адам түрі болып саналатын денисов адамдарының қазіргі таңға дейін белгісіз болып келген адам түрімен будандасқанын және дәл осылай берілген ДНҚ қазіргі адамның да құрамында бар деген шешімге келіп отыр. Бұл ақпарат Лондондағы Корольдық ұйымның кездесуінде жасалған баяндамадан белгілі болды.

Биологтер неандертал мен денисов адамдарының ДНҚ құра­мын тұңғыш рет 2010 және 2012 жылдар аралығында зерттеген. Гарвард медицина мектебінің Дэвид Рейх бастаған ұжымы мен Макс Планк атындағы эволюциялық антропология институтының бір топ мамандары нақты нәтиже жасаға­нын мәлімдеді. Ғалымдар адамның даму жолы барысында неандер­тальдықтар мен денисов адамда­рының арасында тағы да бір адам түрінің болғанына сенімді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Конференция барысында ант­ро­пологтер жаңадан табылған адам­ның қандай болғанын білмесе де, оның 30 мың жыл бұрын қазіргі Азия аумағында мекендегенін айтып отыр. Ал палеонтологтер бұл түрді африкалық Homo heidelbergensis ұрпағы болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!