Қытай алғашқы пилотсыз ұшағын сынады

Фотография - Қытай алғашқы пилотсыз ұшағын сынады

Қытай алғашқы пилотсыз басқарылатын, радардың бақылауына түспейтін ұшағын сынақтан өткізді. Қытай мемлекеттік агенттіктерінің хабарлауынша, "Цзяньли" ("Өткір семсер") деп аталатын пилотсыз ұшақ 21 қарашада Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чэнду провинциясында сынақтан өткен

138 0

Қытай алғашқы пилотсыз басқарылатын, радардың бақылауына түспейтін ұшағын сынақтан өткізді. Қытай мемлекеттік агенттіктерінің хабарлауынша, "Цзяньли" ("Өткір семсер") деп аталатын пилотсыз ұшақ 21 қарашада Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чэнду провинциясында сынақтан өткен.

Интернетте жарияланған бейнежазбаларға қарағанда, дельта пішіндес ұшақ АҚШ-тың жойғыш ұшақтары сияқты реактивті қозғалтқышпен жабдықталған - деп хабарлады azattyq.org

Қытай ақпарат құралдары "сынақтан сәтті өткен" пилотсыз ұшақ "Қытайдың батыс елдерімен әскери әуе күштері саласындағы ара күш алшақтығын азайта түскенін" хабарлаған.

Қытай бірнеше жылдан бері әскери техникасын жетілдіруге баса мән беріп келеді. Бұл ел әскери бюджеті көлемі жағынан әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!